Сомалиде 27 террорист өлтірілді

Сомали армиясы елдің оңтүстігіндегі Төменгі Шебелле аймағында ұйымдастырған операцияларда террористік ұйым Еш-Шебабтың 27 мүшесінің өлтірілгенін хабарлады.

1440392
Сомалиде 27 террорист өлтірілді

Сомали армиясы елдің оңтүстігіндегі Төменгі Шебелле аймағында ұйымдастырған операцияларда террористік ұйым Еш-Шебабтың 27 мүшесінің өлтірілгенін хабарлады. 

Сомали армиясынан генерал Абдихамид Мұхаммед Дирир армияның Төменгі Шебелле аймағына қарасты Дуг Гарир қалашығында террористік ұйым Еш-Шебабқа қарсы операция ұйымдастырғанын айтты.

Мұхаммед Дирир операцияда жоғары дәрежелі 2, жалпы 27 террористің залалсыздандырылғанын хабарлады.

Террористік ұйымның түбін құртуға бел байлағандарын білдірген Дирир елде операциялардың күндіз-түні жалғасып жатқанын айтты.



Ұқсас жаңалықтар