Нигерияда мыңнан астам террорист залалсыздандырылды.

Нигерияның солтүстік-шығысында соңғы 6 аптада террор ұйымы Боко Харамға бағытталған операцияда мыңнан астам террорист залалсыздандырылды.

1423211
Нигерияда мыңнан астам террорист залалсыздандырылды.

Нигерияның солтүстік-шығысында соңғы 6 аптада террор ұйымы Боко Харамға бағытталған операцияда мыңнан астам террорист залалсыздандырылды. 

Нигерия Бас штаб төрағасы Тукур Буратай жасаған мәлімдемесінде армияның бір жарым айдан бері Чад көлі алқабында Нигерияның Борно, Адамауа және Йобе уәлаяттарында Боко Харамға қарсы операциялар ұйымдастырғанын білдірді. 

Буратай 6 аптада  армия тарапынан ұйымдастырылған операцияларда 1015 ұйым мүшесінің залалсыздандырылғанын  мәлімдеді. 

Операцияларда 84 террористтің ұсталғанын баяндаған Буратай террористтерге тиесілі 150 көлік және көптеген қару-жарақтардың қолға түсірілгенін де атап өтті. 

 



Ұқсас жаңалықтар