Әлемде вирустан 134 мың 677 адам қайтыс болды

Індеттің орталығына айналған Америка Құрама Штаттарында 30 мың 844 адам көз жұмды.

1399245
Әлемде вирустан 134 мың 677 адам қайтыс болды

Әлемде жаңа коронавирус салдарынан қайтыс болған адам саны 134 мың 677-ге ұласса, оқиға саны 2 миллион 84  мыңнан асты. 515 мың 283  адам жазылып шықты. 

Індеттің орталығына айналған Америка Құрама Штаттарында 30 мың 844 адам көз жұмды. Тек Нью-Йорк қаласының өзінде вирустан 11 мың 586 адам қайтыс болса, коронавирусқа шалдыққан адам саны 200 мыңнан асты. 

Италияда жаңа коронавирустан соңғы тәулікте тағы 578 адам көз жұмды. Осылайша ел көлемінде көз жұмған адам саны 21 мың 645-ке көтерілді. Мемлекетте 165 мың  155 адам вирусқа шалдықты. 

Францияда коронавирус індетінен қайтыс болғандар саны 17 мың 167-ге шықты. Мемлекетте оқиға саны 147 мың  863-ке ұласты.  

Ұлыбританияда жаңа коронавирус салдарынан 12 мың  868  адам көз жұмды.

Германияда коронавирустан көз жұмған адам саны 3 мың 804-ке жетті. Осы адамдардың   67-сі түрік азаматы. 

Голландияда коронавирус салдарынан тағы 189 адам қайтыс болды. Осылайша қайтыс болған адам саны 3 мың 134-ке шықты. Мемлекетте оқиға саны  28 мың 153-ке көтерілді. 

Бразилияда жаңа коронавирустан соңғы 24 сағатта тағы 204 адам көз жұмды. Мемлекетте оқиға саны 25 мың 262-ге ұласты. 

 

 



Ұқсас жаңалықтар