Шығыс елдерінде коронавирус

Мароккода 104 кісі карантинге алынды.

1371516
Шығыс елдерінде коронавирус

Марокко Денсаулық сақтау министрлігі Италиядан келген бір Марокко азаматының коронавирус таратушы екенін растады.

Министрлік сол ұшақтағы экипажды да қосқанда 104 кісінің карантинге алынғанын хабарлады.

Иран Денсаулық сақтау министрлігі елде қазірге дейін 2 мың 336 расталған оқиға бар екенін және 77 кісінің вирустан қайтыс болғанын білдірді. 435 кісінің емделіп шыққанын хабарлады.

Оңтүстік Кореяда 600-ден астам жаңа оқиға тіркелді.  Вирус анықталған оқиға саны 5 мың 196 болды.  Елде аталмыш эпидемиядан 28 адам қайтыс болды.

Ресейде болса 24 кісінің ауруханада бақылауда екені хабарланды.

Біріккен Араб Әмірліктерінде вирус салдарынан мектептерде 4 апта сабақ болмайды.



Ұқсас жаңалықтар