Әлем орман өрттерімен күресуде

Әлемнің көптеген елінде орман өрттері тіршілікке зиянын тигізуде.

2154657
Әлем орман өрттерімен күресуде

АҚШ-та аптап ыстықтан Нью-Мексико штатында басталған орман өрттері жалғасуда.

Штаттың Руидосо ауылы маңында бірігіп кеткен екі өртте бір адам қаза тапса, аймақтағы 7 800 адам үйлерін тастап кетті.

Нью-Мексико губернаторы Мишель Лужан Гришам төтенше жағдай жарияланған аймаққа қосымша Ұлттық гвардия әскерінің жіберілгенін хабарлады.

Гришам 500-ден астам құрылыстың бүлінгенін, бір адамның қаза болғанын, 80 шаршы шақырымнан астам орманның жанып кеткенін атап көрсетті.

Калифорния штатындағы Лос-Анджелес қаласына жақын жерде 12 мың гектардан астам аумақты шарпыған орман өртінен 1200 адамның эвакуацияланғаны білдірілді.

АҚШ-та барлығы 28 орман өрті жалғасуда. Олардың 17-сін бақылауға алудың қазірше мүмкін болмағаны, 11-інің жартылай бақылауға алынғаны айтылды.

АҚШ-тың солтүстік шығысындағы Канада шекарасынан 17 шақырым жерде орналасқан Мэн штатындағы Карибу қаласындағы термометрлер тарихта алғаш рет 39,5 градусты көрсетті.

85 жыл бойы өлшеу жүргізілген Карибуда температура максимум 38 градусқа жетті.

Италияда болса Неапольдегі елді мекендерге жақын Камальдоли төбесіндегі макис аймағында шыққан өртте Вомеро, Соккаво және Пианура аудандарына жақын жерлер зардап шекті.

Өрттің бақылауға алынғаны және жалынның тұрғын үйлерге қауіп төндірмейтіні айтылды.

Грекияның бас қаласы Афиныдан 30 шақырым жердегі Ламбракиде шыққан орман өртіне байланысты айналадағы елді мекендер қауіпсіз жерге көшіріліп, қауіпсіздік мақсатында кейбір жолдар көлік қозғалысына жабылды.

Кейбір үйлер мен жұмыс орындарына өтіп, материалдық шығынға ұшыратқан және сағатына 90 шақырымға жететін желдің салдарынан өртті сөндіру жұмыстары қиынға соғуда.

Соңғы 24 сағатта 35 орман өрті шыққан Грекияның Драма қаласында бір өрт сөндірушінің жарақат алғаны хабарланды.

Ливанның биік таулы аймағы және маңызды ауыз суы көзі болып табылатын Джебел Ливан уәлаятына қарасты Танурин аймағында шыққан өрттің салдарынан көптеген жеміс ағашы өртеніп кетті. Өрт салдарынан аймақтағы су желісі мен суару құбырларына да қатты зақым келді.



Ұқсас жаңалықтар