Дағыстанда террорлық шабуыл

Шабуылда көптеген адам қаза тапты.

2155062
Дағыстанда террорлық шабуыл

Ресейдің Дағыстан аймағында болған қарулы шабуылда полиция бөлімшесі, синагога және екі шіркеу нысанаға алынды. 15 полиция қызметкері мен бір діни қызметкер және көптеген бейбіт тұрғын қаза тауып, 6 шабуылшы залалсыздандырылды.

Дағыстан Автономиялық Республикасының президенті Сергей Меликов өзінің «Telegram” каналында шабуылдарға қатысты мәлімдеме жасады.

Оқиғаның «террорлық шабуыл» екенін атап көрсеткен Меликов “Бұның артында кім тұрғанын және бұл шабуылдарды ұйымдастырушылардың нені көздейтінін білеміз” деді.

Дағыстан полициясының шабуылдарды ұйымдастырғандарға тойтарыс бергенін білдірген Меликов “Бұл бұрын-соңды болмаған террорлық шабуылда 15-тен астам полиция қызметкері қаза тапты. Қаза тапқандар арасында бір діни қызметкер де бар. Бірнеше бейбіт тұрғын да қаз атапты.  Шабуылдарды ұйымдастырған 6 содыр залалсыздандырылды” деді.

Ресей Тергеу комитеті шабуылдардың террорлық акт ретінде қарастырылып, оқиғаға байланысты тергеу басталғанын хабарлады.



Ұқсас жаңалықтар