Қажылық парызын өтеуге барған 1301 адам қайтыс болды

Сауд Арабиясының Денсаулық сақтау министрі мәлімет берді.

2155067
Қажылық парызын өтеуге барған 1301 адам қайтыс болды

Сауд Арабиясы қажылық парызын өтеуге барған 1301 адамның қайтыс болғанын хабарлады.

Денсаулық сақтау министрі Фахд Абдуррахман әл-Жаласел «Әл-Ихбарийе» арнасына жасаған мәлімдемесінде қасиетті жерлерде қажылық парызын өтеуге келген адамдардың денсаулық жағдайы туралы ақпарат берді.

Биыл елде өте ыстық ауа-райының байқалғанын айтқан Жаласел қажылық парызын өтеу үшін киелі жерлерге барған көптеген адамның осыдан зардап шеккенін білдірді.

Сауд Арабиясы министрі қайтыс болғандар санының 1301-ге жеткенін және олардың 83 пайызының қажылық парызын орындау үшін рұқсаты жоқ екенін айтты. Ол кей азаматтардың емінің жалғасып жатқанын білдірді.

Министр Сауд Арабиясына қажылық парызын өтеу үшін барған 1 миллион 300 мыңнан астам адамға медициналық қызмет көрсеткендерін жеткізіп, қайтыс болғандар үшін  көңіл айтты.



Ұқсас жаңалықтар