Бағдатта әйелдер шеруге шықты

Ирак астанасы Бағдатта жүздеген әйел үкіметке қарсы протест ереуіліне шықты.

1359177
Бағдатта әйелдер шеруге шықты

Ирак астанасы Бағдатта жүздеген әйел үкіметке қарсы протест ереуіліне шықты.

Бағдаттың орталығындағы Тахрир алаңына жиналған әйелдер елдің болашағы үшін сөз сөйлеу құқықтарының берілуін талап етті.

"Муктеданың да, Хадидің де керегі жоқ, еліміз азат болсын!" деп ұран салып, Садр қозғалысының лидері Муктеда ес-Садр мен Шиит Бедир  бригадаларының лидері Хади әл-Амириді протест еткен ирактық әйелдер елде тереңдеген парақорлық мәселесіне наразылық көрсетті. 

Студеттер де қолдау берген ереуілде:

"Ирак үшін жанымыз да, қанымызда пида болсын!", "Бүгін көзден жас ағызатын газдың дәмін таттық, ертең еркіндіктің дәмін татамыз" және "Хусейнге жылаған миллиондар қайда жүр?"  деген ұрандар шақырды. 



Ұқсас жаңалықтар