Қытайда 132 адам қайтыс болды

Вирус әсер еткен адамдардың мың 239-ының жағдайы ауыр.

1349416
Қытайда 132 адам қайтыс болды

Қытайда жаңа тип коронавирус (2019-nCoV) індетінен қайтыс болғандар саны 132-ге жетті. Вирус әсер еткен адам саны – 5974.

Ұлттық Денсаулық комиссиясының хабарламасына қарағанда, Тибет Автономдық аймағы тысында ел көлемінде тараған жаңа вирус түрі себебімен 132 адам қайтыс болды. Вирус әсер еткен адамдардың мың 239-ының жағдайы ауыр.

Сонымен бірге вирус әсер етті деп күдік туған адам саны 9 мың 239-ға жетті. Ал 59 мың 990 адам да медициналық бақылауға алынды.

Бүгінге дейін сауығып шыққан адам саны 103.

Жаңа мәліметтерге қарағанда,  вирус Қытай тысында Тайландта 14, Жапонияда 7, Сингапурда 5, Америкада 5, Австралия, Франция, Германия және Оңтүстік Кореяда 4-4тен, Малайзияда 3, Вьетнамда 2, Непал, Канада, Камбоджа және Шри-Ланкада 1-1 кісіде кездесті.



Ұқсас жаңалықтар