Зеленский көңіл айтты

Қаза тапқандардың тізімі нақтылануда.

1336648
Зеленский көңіл айтты

Украина президенті Владимир Зеленский Иранда апатқа ұшыраған Украина әуежолдарының ұшағында қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтты.

Зеленский Украина ұшағының Тегеранда құлауын «Таяу Шығыста қорқынышты хабар» деп атады.

Алғашқы мәліметтерге қарағанда,  жолаушылар мен экипаждан ешкімнің құтылмағанын білдірген президент: «Өкілетті елші трагедияға байланысты мәліметтер мен қаза тапқандардың тізімін нақтылауда.  Жолаушылар мен экипаждың отбасыларына қайғырып көңіл айтамын» деді.



Ұқсас жаңалықтар