Түркияның арқасында сенімде

Вадим Пристайко Қаратеңіздің НАТО және Түркияның арқасында сенімде екенін білдірді.

1317393
Түркияның арқасында сенімде

Украина Сыртқы істер министрі Вадим Пристайко Қаратеңіздің НАТО және Түркияның арқасында сенімде екенін білдірді.

Пристайко Ұлыбританияның бас қаласы Лондонда бір конференцияға қатысып,  НАТО-ның Еуропаның солтүстігі мен Балтық елдеріне шоғырланғанын айтты. НАТО-ның Қаратеңіз аймағына да назар аударуы керектігін атап көрсеткен Украина Сыртқы істер министрі: «Қаратеңіз аймағы НАТО және Түркияның арқасында сенімде.  Қаратеңіз аймағының кілті – көршіміз Түркияның қолында.  Осы тақырыпта НАТО-мен бірдей ойдамыз.  Оңтүстік Еуропа мен әлемнің басқа аймақтары салдарынан назарымыздан тыс қалатын болса, жалғыз қаламыз» деді.

Пристайко кеше Лондонда болған НАТО лидерлер саммитінің 2008 жылы Румынияда болғанын еске салып: «10 жыл өтті және Украина мен Грузия НАТО-ға шақырылмады.  НАТО-ның шешім бере алмауы Ресейдің алдымен Грузия, артынан Украинаға килігуіне себеп болды» деді.



Ұқсас жаңалықтар