Еуроодақ елдерінен Иранға шақыру

Кейбір Еуроодақ елдерінің БҰҰ тұрақты мүшелері Иранға ортақ шақыру жасады.

1225868
Еуроодақ елдерінен Иранға шақыру

Кейбір Еуроодақ елдерінің БҰҰ тұрақты мүшелері Иранға дағдарысты асқындыратын әрекеттер мен мәлімдемелерден бас тартуға шақырды.

Ұлыбритания, Польша, Франция, Бельгия, Германия және Эстонияның БҰҰ тұрақты мүшелері БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде (БҰҰҚК) болып өткен Иранмен ядролық келісім отырысының артынан ортақ мәлімдеме жасады.

Мәлімдемеде «Иранды » ядролық келісім аясында уәделерін толық орындауға және дағдарысты арттыратын қадамдардан бас тартуға шақырамыз» делінді.

«БҰҰҚК-нің қазіргі және келешектегі мүше елдер ретінде осы жағдайда Иранмен ядролық келісім жалғастырудың аса маңызды екенін баса айтамыз» делінген мәлімдемеде Ауқымды ортақ іс-шара жоспарының аймақтық және халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздік үшін басты маңыздылығына назар аударылды.



Ұқсас жаңалықтар