Катар Әмірі Хамас делегацииясын қабылдады

Катар Әмірі Шәйх Тамим ибн Хамид әл-Сани Хамас делегациясын астана Дохада қабылдады.

1212823
Катар Әмірі Хамас делегацииясын қабылдады

Катар Әмірі Шәйх Тамим ибн Хамид әл-Сани Хамас делегациясын астана Дохада қабылдады.

Катардың ресми хабар агенттігі QNA-ның хабарына қарағанда, Катар Әмірі Шәйх Хамид әл-Сани Хамас делегациясын астана Дохадағы Ел-Бахр сарайында күтіп алған. 

Палестинадағы соңғы оқиғалар қолға алынған кездесуде әл-Сани елінің Палестина халқының құқығына және арманына әрқашан қолдау бергенін қайталады.

Хамас делегациясы да Катар Әміріне Газаны қамтыған Палестина халқына берген қолдауына орай алғыс айтты. 

Катардың Әмірлік диваны кездесуге байланысты Катар әмірі  әл-Сани, Хамастың бұрынғы саяси бюросының төрағасы Халид Мешал және Хамас саяси бюросының мүшесі Мұса Әбу Мерзук та бар бір сурет жариялады.



Ұқсас жаңалықтар