Швеция Палестинаны тану шешіміне разы

Швеция Сыртқы істер министрі Палестинаны 2014 жылы тәуелсіз бір мемлекет ретінде тану шешіміне орай мақтанатындарын білдірді.

1192172
Швеция Палестинаны тану шешіміне разы

Швеция Сыртқы істер министрі Маргот Вальстрем үкімет ретінде Палестинаны 2014 жылы тәуелсіз бір мемлекет ретінде тану шешіміне орай мақтанатындарын білдірді.

Маргот Вальстрем елінің мемлекеттік телеарнасы SVT-ге жасаған мәлімдемесінде үкіметінің Палестина үшін жасағандарына разылығын тілге тиек етті.

Палестинаны мемлекет ретінде танудан әсте өкініш сезінбегендерін білдірген министр:

"Үкімет ретінде Палестинаны 2014 жылы тәуелсіз бір мемлекет ретінде тану шешімімізді мақтаныш етемін" деді.

Маргот Вальстрем Палестинаға қолдауды жалғастыратындарын дәріптеп:

"Біз 2014 жылы Палестинаны тануға шешім жасағаннан кейін көптеген ел бізге ерді. Бұл Палестинаны дәл уағында танығанымызды көрсетеді.  Палестинаны қолдауды жалғастырамыз" деді.

Израильдің аталмыш саясатқа орай Швецияға қатал наразылық көрсеткенін еске салған Маргот Вальстрем: "Маған Израильге келме десе де, Израиль мен Швеция арасындағы мәселелерді шешу үшін диалог жалғасуда" деп баса көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар