Киевтегі бомбалы шабуыл хабарламалары негізсіз болып шықты
Киевтің әртүрлі жерлеріне бағытталған бомба шабуыл хабарлаулары себепті көптеген адам эвакуацияланды.
1183185
Украинаның бас қаласы Киевте әртүрлі жерлерге бағытталған бомба хабарлаулары себепті көптеген адам эвакуацияланды.
Киев полициясы жасаған мәлімдемеде кеше қала орталықтарындағы Халықаралық Замандас көркем өнер орталығы, Тәуелсіздік алаңы, "Globus" атты сауда орталығы, кейбір қонақ үйлерге бомбалы шабуыл жасалатыны жөнінде хабарламалар түскенін білдірді.
Телефон арқылы жасалған хабарламалардың артынан аталмыш жерлерге құтқару топтары мен бомба жою мамандарының жіберілгенін және жүздеген адамның эвакуацияланғаны атап көрсетілді.
Ұқсас жаңалықтар
Трамп «Бұл соғысты аяқтау керек» деді
Трамп Зеленскийдің соғысты тоқтату туралы келісімге келуге дайын екенін айтты.