Ирактан Ресейге ынтымақтастық шақыруы

Ирак премьер-министрі Адиль Абдул-Махди Ресейге экономикалық ынтымақтастықты жетілдіру шақыруы жасады.

1181482
Ирактан Ресейге ынтымақтастық шақыруы

Ирак премьер-министрлік баспасөз орталығынан жасалған мәлімдемеге қарағанда Адиль Абдул-Махди ресми сапармен барған Ресейде президент Владимир Путиннің Таяу Шығыс арнайы өкілі және Сыртқы істер министрі орынбасары Михаил Богдановпен бас қосты.

Адиль Абдул-Махди кездесуде Ресеймен ынтымақтастық салаларының ауқымын кеңейту энергия, мұнай, табиғи газ жобаларының жетілдірілуі және экономикалық ынтымақтастықты жетілдіруге шақырды.

Богданов болса Мәскеу әкімшілігінің Иракпен саяси, экономикалық және әскери салаларға қоса энергия, мұнай және табиғи газ жобаларында ынтымақтастықты жетілдіру тақырыбында табанды екенін атап көрсетті.

Мәлімдемеде жоспарланған ортақ жобалар жайлы болса мағлұмат бермеді.



Ұқсас жаңалықтар