Израильде Нетаняхуға қарсы ереуілдер жалғасуда

Израильде ереуілшілер премьер-министр Беньямин Нетаняхуды міндетінен кетуге шақырды.

1156036
Израильде Нетаняхуға қарсы ереуілдер жалғасуда

Израильдің астанасы Тель-Авивтің Хабимах майданыныда жиналған жүздеген ереуілші парақорлық қылмысы бойынша тергеуге алынған премьер-министр Беньямин Нетаняхуды міндетінен кетуге шақырды. 

Тель-Авивтің Хабимах майданыныда жиналған ереуілшілер Нетаньяхудың басшылығындағы Ликуд партиясы ғимараты тұратын Кинг Джордж даңғылына қарай шеру тартты.   

Ереуілшілер "Беньямин Нетаньяху үшін кету уақыты", "Қылмысты министр" деген ұрандар жазылған жалау көтерді.

Нетаньяхуға қарсы ереуілдер Израиль Бас прокуроры Авихай Мендельблиттің Нетаньяху жөніндегі 3 бөлек тергеу ісіне байланысты нақтылы емес шешімін жариялауынан кейін басталды.

Израиль Бас прокуроры Авихай Мендельблит Нетаньяху жөнінде "Заңсыздық, парақорлық және міндетін нашар мақсаттарда пайдалану" қылмыстарынан сотқа беру алдында өзін ақтауы мақсатымен премьер-министрдің түсініктемесін тыңдайтынын жариялаған болатын. 



Ұқсас жаңалықтар