Қытай-Үндістан-Ресей Сыртқы істер министрлері жиналысы өтті

Жиналыста Сирия мәселесінің "Тек саяси және дипломатиялық жолдармен шешілетіні" атап көрсетілді.

1153915
Қытай-Үндістан-Ресей Сыртқы істер министрлері жиналысы өтті

Қытайда ұйымдастырылған Қытай-Үндістан-Ресей Сыртқы істер министрлері жиналысында Сочи саммитінің нәтижелеріне оң баға берілді. 

Қытай Сыртқы істер министрі Уаң И, Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров және Үндістан Сыртқы істер министрі Сушма Сварадж Қытайдың Жыжиаң уәлаятына қарасты Ужин қаласында Қытай-Үндістан-Ресей Сыртқы істер министрлері 16. кезекті жиналысы аясында бас қосты.

Жиналыстан кейін жарияланған ортақ мәлімдемеде Сирия мәселесінің "Тек саяси және дипломатиялық жолдармен шешілетіні" дәріптеліп, Женава бейбітшілік кездесулеріне қолдау берілді. 

Астана кепілгер елдерінің Сирия тақырыбында көрсеткен талпыныстары мен осы ай ішінде Сочиде ұйымдастырылған Астана кепілгер елдер 4. кезекті Үштік Саммиті жиналыстарының нәтижелеріне риза болғандары білдірілді. 

Сирияда атазаңдық комиссияның қысқа уақыт ішінде "Сирияны басқаратындар Сирия халқы болуға тиісті" деген түсінікпен саяси шешім  процесін жұмыстандыруы, барлық тараптарлардың заңды саяси шешім жобасы болуы, саяси шешімді,  Сирияның егемендігін, территория тұтастығын және тәуелсіздігін қорғауға ұмтылуды демеуі күтілгені білдірілді.

Осылайша Сирия шекаралары ішінде Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің террористтер тізімінде орын алған ұйымдарды қамтыған барлық террорлық ұйымдармен ортақ күрес жүргізуге шақыру тасталды.



Ұқсас жаңалықтар