Талибан шабуылында 5 әскер қаза тапты

Ауғанстанның Фаряб уәлаятында Талибан мүше террористтер әскери учаскелерге шабуылдады.

1148165
Талибан шабуылында 5 әскер қаза тапты

Ауғанстанның Солтүстігіндегі Фаряб уәлаятында террор ұйымы Талибан мүшелерінің әскери учаскелерге бағытталған шабуылдарында 5 қауіпсіздік қызметкері өлтірілді.

Фаряб қалалық мәжілісі депутаты Сайед Абдул Баки Хашими баспасөзге жасаған мәлімдемеде террористтердің Еркелик аймағындағы әскери учаскеге шабуылы салдарынан 5 қауіпсіз қызметкерінің қаза тапқанын атап көрсетті.

Хашими шабуылда 2 қауіпсіздік қызметкерінің де жарақат алғанын білдірді.

Фаряб полиция дирекциясы жасаған мәлімдемеде шабуылдың артынан шыққан қақтығыста Талибанға мүше 18 террористтің өлтірілгенін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар