Бангладештегі өртте 8 кісі қаза тапты

Өртте 8 адам қаза тапты. 50-ден астам адам  жараланды.

1146981
Бангладештегі өртте 8 кісі қаза тапты

Бангладеште қала маңындағы аласа үйлерде шыққан өртте 8 адам қаза тапты. 50-ден астам адам  жараланды. 

Өрт Бангладештің Читтагонг кемежайы маңындағы үйлерде шықты.

200 аласа үй болған аймақта шыққан өрт қысқа уақытта маңайға жайылды.

Полиция мен өрт сөндіру қызметкерлері аймаққа жолданды.

Үйлерде шыққан өртте 8 адам қаза тапқаны, 50-ден астам адамның да жарақат алғаны жарияланды. 

Өрттің электр жүйесінің бұзылуынан шыққан болуы айтылуда.  



Ұқсас жаңалықтар