Макрон шетелге шықпайтын болды

Франция президенті шетел сапарларының барлығын кейінге қалдырды.

1141159
Макрон шетелге шықпайтын болды

Франция президенті Эммануэль Макрон сары жейделілер жол ашқан проблемаларға шешім табу мақсатымен ұйымдастырылған келіссөздерді басқару үшін 15 наурызға дейін шетелге сапарларын болдырмай тастады.

Елисей сарайынан хабарлама жарияланып, Макронның сары жейделілер себеп болған проблемаларды шешу мақсатымен 15 наурыз күніне дейін келіссөз жиналыстарына басшылық жасау үшін елде болатыны айтылды.

Макронның келесі аптада Германияда болатын Мюнхен Қауіпсіздік конференциясына да қатыспайтыны хабарланды. Ол барлық шетел сапарларын кейінге қалдырған.

Германия канцлері Ангела Меркель мен Эммануэль Макронның конференцияда кездесуі жоспарланған болатын.



Ұқсас жаңалықтар