Сириядан шегіну шешімі АҚШ сенатында қаралды

Пентагон, Орталық Барлау Ұйымы (CIA) және Федералдық тергеу бюросы (FBI) сенаторлардың сұрақтарына жауап қайтарды.

1135452
Сириядан шегіну шешімі АҚШ сенатында қаралды

АҚШ президенті Дональд Трамптың Сириядан шегіну шешімі сенатта қаралды.

Қорғаныс министрінің (Пентагон) уәкілі Патрик Шанахан, Орталық Барлау Ұйымы (CIA) және Федералдық тергеу бюросы (FBI) директорларымен бірге сенаторлардың сұрақтарына жауап қайтарды. Шанахан террор ұйымы ДАИШ-тің жақында толығымен жойылатынын атап көрсетті.

Ұлттық Барлау директоры Дан Коатс болса Ирак пен Сирияда мыңдаған ДАИШ-тік террорист бар екенін алға тартты, аталмыш террор қаупін назарға алу керектігін тілге тиек етті.

CIA директоры Джина Хаспель болса ДАИШ-ке қарсы соғыс туралы «Осы міндетті орындау үшін одан көп талпынамыз» деді.

Республикашыл партияның Сенаттағы басшысы Митч МакКоннелл Сириямен байланысты дайындалған және Башар Асад режиміне санкция қамтыған жобаға бап қосуға дайындалады.

Қосылғысы келген баптың ДАИШ-ке қарсы соғысты жалғастырумен байланысты екені атап көрсетілді. Жоба талқыланатын мерзім қазірше белгісіз.



Ұқсас жаңалықтар