Лавров пен Сафади телефонда кеңесті

Ресей мен Иордания Сыртқы істер министрлері Сирия дағдарысын талқылады

1126403
Лавров пен Сафади телефонда кеңесті

Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Иордания Сыртқы істер министрі Эймен Сафадимен Сирия мәселесіне байланысты телефон арқылы кездесу өткізді.

Ресей Сыртқы істер министрлігінен жасалған жазбаша мәлімдемеде Сергей Лавровтың Эймен Сафадимен телефонда сөйлескені білдірілді. 

Екі министрдің Сириядағы және төңірегіндегі оқиғаларды күн тәртіпке алғаны, Орталық Шығыстағы жағдайларды талқылағаны білдірілген мәлімдемеде Лавровтың Сирияда саяси шешімнің басталуы үшін тараптарлардың талпыныстарын арттырулары керектігін дәріптегені жеткізілді. 

Мәлімдемеде Атазаң комитетінің құрылуына байланысты Сирия тарапы мен Астана процесінің кепіл елдері ретінде Ресей, Түркия және Иранның жасап жатқан жұмыстарына назар аударғаны атап көрсетілді.

Иорданиялық министр Сафадидің Сириядан келген босқындардың еліне қайтуына Ресейдің қосқан есесіне назар аударып, Рукбан лагеріне бағытталған ортақ жұмыстарды жалғастырудың маңыздылығына тоқталғаны атап өтілді.

Мәлімдемеде сонымен бірге Палестина мәселесіне байланысты да екі министрдің көзқарастарын алмастырғаны білдірілді. 



Ұқсас жаңалықтар