Иракта ДАИШ-ке мүше 12 террорист тұтқындалды
Ирак орталық үкіметіне қарасты террормен күрес топтары Киркукке шабуылға дайындалған террористерге операция жасады.
Ирактың Киркук қаласының оңтүстігінде қауіпсіздік күштері бастаған екі операцияда қалаға жасырын кіріп, террор шабуылына дайындалған ДАИШ-ке мүше 12 террорист тұтқындалды.
Ирак орталық үкіметіне қарасты Террормен күрес полиция күштері 2-ші Түменнің қолбасшысы Маан эс-Саиди Киркуктың оңтүстігінде қызмет атқарған қауіпсіздік күштері жасаған операцияларда террористтерге қоса, көптеген оқ-дәрінің де қолға түскенін жеткізді.
Саиди «Тұтқындаулар қаланың оңтүстігіне жасалған операциялар барысында жүзеге асты. Аймақтан келген құпия ақпараттар бағаланып, операцияға шешім қабылданды» деді.
Тұтқындалған террористердің Киркук қала орталығында террор шабуылы жасауға дайындалғанын атап көрсеткен Саиди «Киркук қала орталығына заңсыз жолмен кіріп осында террор шабуылдары жасау және қаланың қауіпсіздігін нысанаға алғысы келгендер толығымен тұтқындалды» деді.
Ұқсас жаңалықтар
Вьетнам астанасы Ханойдағы өртте 14 адам көз жұмды
Вьетнам астанасы Ханойдағы өртте алғашқы мәліметтер бойынша 14 адам қаза тауып, 6 адам жарақат алды.
Ибрахим Реиси жерленді
Иран президенті Ибрахим Реиси 23 мамырда кешке президент Мешхедтегі имам Реза кесенесінде жерленді.