Дональд Трамп пен Си Цзиньпин Аргентинада бас қосты

Ақ Үй әкімшілігі Аргентинада екі лидерлердің бас қосуы жайлы мәлімдемеді.

1098740
Дональд Трамп пен Си Цзиньпин Аргентинада бас қосты

АҚШ президенті Дональд Трамп пен Қытай Халық Республикасы басшысы Си Цзиньпин екі ел арасында 90 күн бойы сауда-саттық қатынастарда жаңа кеден салығы енгізбеу тақырыбында келісті.

Трамп пен Си Цзиньпиннің Аргентинадағы бас қосуымен байланысты Ақ Үйден мәлімдеме келді.

Мәлімдемеде екі лидер арасындағы кездесудің табысты өткені және көптеген тақырыпта келіскені атап көрсетілді.

Осыған қарағанда АҚШ пен Қытай 90 күн бойынша бір келісім жасау мақсатты жаңа экономикалық және сауда-саттық келіссөздер жүргізіп, осы мерзімде екі ел кезкелген кеден салығы енгізбеуге уәделесті.

Мәлімдемеде сондай-ақ Трамптың 2019 жылы 1 қаңтар күні 200 миллиард құнындағы өнім үшін 25 пайызға арттырылатын кеден салығын 10 пайызын қалдыруды бекіткені атап көрсетілді.

Мәлімдемеде егер 3 айлық келіссөз кезеңі соңында кезкелген бір келісім жасалмаған жағда, 10 пайыздық тарифтің 25 пайызға қайтадан көтерілетініне назар аударылды.

Қытайдың АҚШ-тан тез арада ауылшаруашылық өнімдері экспорттайтыны білдірілген мәлімдемеде Қытайдың назарға аларлықтай мөлшерде энергия, өнеркәсіп және басқа салаларда өндірілген өнімдерді сатып алып, екі ел арасындағы «сауда теңсіздігін» азайтуға талпынатыны да атап көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар