АҚШ Идлибтегі жаңалықтар жайлы мәлімдеме жасады

Ақ Үй Идлибтегі жаңалықтарды жақын қадағалағанын мәлімдеді.

1043356
АҚШ Идлибтегі жаңалықтар жайлы мәлімдеме жасады

АҚШ әкімшілігі Сирияның Идлиб қаласындағы жаңалықтарды жақыннан қадағалағандарын атап, «Егер Башар Асад қайтадан химиялық қару қолданатын болса, АҚШ пен одақтастары жылдам түрде қажетті шараны қолданады. Бұл тақырыптағы ұстанымымыз ашық» деді.

Ақ Үй баспасөз орталығы АҚШ-тың Идлибтегі соңғы жаңалықтармен байланысты ұстанымын жазбаша түрдегі мәлімдемемен жариялады.

Мәлімдемеде «АҚШ, Ресей және Иранның қолдауымен Асад режимінің шабуылдау ықтималы артқан және миллиондаған жазықсыз адам өмір сүрген Сирияның Идлиб аймағындағы жаңалықтарды жақыннан қадағалауда. Президент Трамп осындай бір шабуылдың трагедиялық қақтығысты опасыз түрде одан да нашарлататынын және жүз мыңдаған адамның өміріне қауіп төнетінін ескерткен болатын» делінді.

«Ашық айту керек. Егер Башар Асад қайтадан химиялық қару қолдануды таңдайтын болса, АҚШ пен одақтастары жылдам түрде қажетті шараны қолданады. Бұл тақырыптағы ұстанымымыз ашық» деді.

Сыртқы істер министрлігі мәлімдемешісі Хеатер Науерт болса баспасөз брифингі кезінде «АҚШ кезеңді жақын қадағалап отыр, әсіресе химиялық қару шабуылына қарсы тұрақтылықпен жауап қайтарылады» деп мәлімдеген еді.



Ұқсас жаңалықтар