Меркель Грузияда

Ангела Меркель Грузияның территория тұтастығына қолдау білдірді.

1037083
Меркель Грузияда
merkel-bakhtadze.jpg

Германия канцлері Ангела Меркель Грузияның территория тұтастығына қолдау беретіндерін айтты.

Меркель ресми байланыстармен Тбилисиге барды.  Неміс басшы грузин әріптесі Мамука Бахтадземен бас қосты.

Меркель мен Бахтадзе кездесуден кейін баспасөз өкілдерінің алдына шықты.

Бахтадзе елінің территория тұтастығы мен егемендігін нақты қолдағаны үшін Меркельге алғыс айтып: «Германия – Грузия үшін маңызды және сенімді серік ел» деді.

Ел территориясының 20 пайызының Ресейдің басқыншылығында екенін, орыс әскерлерінің Грузия жерінде заңсыз түрде қызмет етіп жатқанын білдірген грузин премьер-министр осы проблемаларды бейбіт түрде шешкісі келетіндерін атап көрсетті. «Біз бейбітшілік қалаймыз» деді ол.

Канцлер Меркель де Грузияның территория тұтастығы мен егемендігін қолдайтындарын тілге тиек етті. Меркель Грузияның Абхазия және Оңтүстік Осетия аймақтарындағы проблемаларға тоқталып: «Бұлар – әділетсіздік.  Ресей президенті осы тақырыпта және Украина тақырыбындағы ұстанымымды біледі» деді.

Меркель сонымен бірге Грузияда табиғи газ қоймасы мен су қамдау жүйелерін салу үшін 193 миллион евролық екі келісімге қол қойылатынын айтты.

Неміс басшы Грузияның экономикасының жақсы бағытта екенін атап көрсетті.  



Ұқсас жаңалықтар