Кореялық отбасылар бас қосады

Екі ел лауазым иелері келісімге келді.

997652
Кореялық отбасылар бас қосады

Солтүстік және Оңтүстік Корея соғысы (1950-1953) салдарынан бірбірлерінен 60 жылдан астам уақыт бойы ажырап қалған жүздеген отбасы тамыз айында кездеседі.

Агенттік хабарына қарағанда,  Солтүстік Кореяда бас қосқан екі ел лауазым иелері кореялық отбасылардың 20-26 тамыз күндері арасында кездесуі үшін келісті.

 Корея түбегінің солтүстік және оңтүстігінен келен 200 отбасы қайта табысады.

Соғыс салдарынан ажырап қалған отбасылар бірінші рет 2000 жылы бас қосқан еді.

Олар 2015 жылдың қазан, 2014 жылдың ақпан айында да кездескен болатын.



Ұқсас жаңалықтар