Израиль соғыс ұшақтары Газа секторына шабуылдады

Газа секторына жасалған әуе шабуылында электр жүйесімен кейбір егістіктерге зиян келді.

969684
Израиль соғыс ұшақтары Газа секторына шабуылдады

Израиль мен Газа арасындағы Эрез шекара қақпасы маңында да бір алаң нысанаға алынды.

Шабуылдың бейне таспасын баспасөзбен бөліскен Израиль армиясы Газа да жердің астындағы бір туннельдің бомбаланғанын алға тартылды.

30 наурыз күні басталған Газа секторының Израиль шекарасындағы «Ұлы көш шеруі» жалғасуда.

Израиль әскерлері бейбітшіл шерулерге қарсы нағыз оқ қолдануда.

Жұма күнгі шерулерде Израиль әскерлері оқ атып жаралаған 15 жасар палестиналық бір бала тағы қаза тапты.

Бір айдан бері жалғасқан шерулерде 50-ден астам палестиналық Израиль әскерлері тарапынан өлтірілді.

Жаралы палестиналық саны болса 8 мыңнан асты.



Ұқсас жаңалықтар