Гутерреш ядролық келісімді қолдайды

БҰҰ АҚШ-тың ядролық келісімнен шығу тақырыбындағы таластарына байланысты пайымын білдірді.

966149
Гутерреш ядролық келісімді қолдайды

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерреш Иранмен 2015 жылы жасалған ядролық келісімді қолдайды.

Бас хатшы мәлімдемешісі Стефан Дужарик күнделікті баспасөз брифингінде Америка Құрама Штаттарының Иран ядролық келісімінен шығу тақырыбындағы таластарға байланысты пайымын айтты.

Иранмен 2015 жылы жасалған келісімнің өңірлік бейбітшілік пен қауіпсіздікке үлес қосқанын айтқан Дужарик: «Бас хатшы маңызды дипломатиялық табыс болып есептелетін Иран ядролық келісіміне қолдау берелі және өзгеріс енгізіліп жаңалануына да ашық» деді.

Өзі міндетке келгені «тарихтағы ең нашар келісім» деп атаған келісімнен АҚШ-тың шығу ниетін жиі тілге тиек еткен Дональд Трамп осы тақырыптағы түбегейлі шешімін бүгін жариялайды.



Ұқсас жаңалықтар