Газа секторының медицина саласына үлкен қауіп төнуде

Газа секторында медициналық жабдықтау және дәрі-дәрмек жетіспеушілігі салаға үлкен қауіп төндіруде.

965234
Газа секторының медицина саласына үлкен қауіп төнуде

Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Юсуф Әбу Әр-Риш жасаған жазбаша мәлімдемеде «Жедел медициналық операция және реанимация бөлімшесінде қолданылған материалдар мен жабдықтардың жетіспеушілігінен Газа секторындағы денсаулық сақтау саласына үлкен қауіп төніп отыр» деді.

Денсаулық сақтау қызметіндегі дәрі-дәрмек және жабдықтау кемшілігін ұзаққа созуға болмайтынын атап көрсеткен Риш науқастарға толық және ауқымды бір емдеу мүмкіншілігі бермеген  уақытша көмектердің қызмет күшін азайтқанын білдірді.

Риш Газа шекарасындағы азаматтық шерулерде Израиль әскерінің оқтарымен жарақат алған жазықсыз палестиналықтардың емделуі үшін тығыз күш жұмсалғанын атап, министрлік құрамындағы медициналық жабдықтардың жетіспеушілігі тақырыбында ескерту жасады.



Ұқсас жаңалықтар