Армения премьер-министрі Серж Саркисян отставкаға кетті

Армения премьер-министрі Серж Саркисянға қарсы соңғы шерулерде 300-ден астам адам тергеуге алынған болатын.

957132
Армения премьер-министрі Серж Саркисян отставкаға кетті

Армения премьер-министрі Серж Саркисян 10 күннен бері жалғасқан наразылық шерулерінің артынан отставкаға кетті.

Саркисян жасаған мәлімдемеде «Елге тыныштық пен бейбітшілік келсін деп отставкаға кетемін» деді.

Арменияда 17 сәуір күні парламентте болып өткен дауыс беруде премьер-министр сайланған Серж Саркисянды протест шерулері жалғасуда.

Ереуілшілерге Армения полициясының қатаң шара қолданғаны білдірілді. Соңғы 2 күн де 300-ден астам ереуілші тергеуге алынды.

10 жыл мемлекет басшылығы жасаған соң премьер-министр болып сайланған Саркисянға атазаңға өзгеріс енгізіліп, президенттен көп жауапкершіліктері берілуі наразылықтарға себеп болды.

Ереуілшілер саны күн өткен сайын артқан соң премьер-министр Саркисян ереуілшілердің басшысы оппозициядағы депутат Никола Пашинянмен жексенбі күні бас қосты.

Саркисян өзін отставкаға шақырған Пашинянды шантаж жасаумен айыптап, қысқа уақыттан соң жиналыстан шығып кетті.

Нәтижесіз аяқталған кездесудің артынан оппозициялық басшы Пашинян мен тағы 2 депутат тергеуге алынды.

Алаңдарға шыққан ереуілшілер бас қала Ереванның барлық қатынас жолдарын кесіп тастады.



Ұқсас жаңалықтар