Еуроодақтың 14 мүшесі орыс дипломаттарды шекарадан шығаруға шешім қабылдады

Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй парламенттің төменгі қанаты Лордтар мәжілісімен Еуроодақ басшылары саммитінде қабылданған шешімдерді бөлісті.

938294
Еуроодақтың 14 мүшесі орыс дипломаттарды шекарадан шығаруға шешім қабылдады

Ұлыбритания премьер-министр Тереза Мэй 14 Еуропа елінің орыс дипломаттарды шекарадан шығару жайлы шешімімен байланысты «Баршамыз Ресейге халықаралық құқықты ойыншық қылуға және құндылықтарымызды жоюына мейірімділік көрсетпейтінімізді көрсеттік» деді.

Тереза Мэй парламенттің төменгі қанаты Лордтар мәжілісіне өткен апта қатысқан Еуроодақ басшылары саммиті жайлы ақпарат бөлісті.

Саммитте екі жақты тыңшы Сергей Скрипаль мен қызы Юлияның улануының артынан Ресейге қарсы қабылданған санкция шешімімен байланысты Еуроодақ мүшесі одақтас елдермен ынтымақтасып ортақ қадам басу үшін байланысқанын атап көрсеткен Тереза Мэй Еуроодақтың Мәскеудегі өкілетті және төтенше елшісін елге шақыру шешіміне қоса кейбір тікелей қадамдар басу тақырыбында келіскендерін білдірді.

Мэй Еуроодақ мүшесі көптеген елге қоса араларында АҚШ, Канада және Украина да бар кейбір елдердің 100-ден астам орыс дипломат пен барлау ұйымы қызметкерін шекарадан шығаруға шешім қабылданғанын еске салды.

Скрипал оқиғаның Еуроодақ пен НАТО-ның құрылуының артынан Еуропа елдерінен жүйкеге зиян келтіретін ықпалды бір химиялық материалдың шабуыл мақсатты алғаш рет қолданылғанын атап айтқан Мэй «Бұл химиялық қарулар келісімінің ашық түрде тапталуы және заңсыз күш қолданысы ретінде де БҰҰ келісімін бұзу деген мағынаға келеді» деді.

Мэй оқиғаның Ресейдің уақыт өткен сайын шабуылдаушы ұстанымының бір көрсеткіші екенін алға тартып, «Бұл сондай-ақ Ресейдің Еуроодаққа және ортақ құндылықтар мен мүдделерімізге қарсы дұшпаншыл ұстанымында қауіпті бір сатыға жетті» деді.

Мэй «Соңғы 3 аптада Еуроодақ, Солтүстік Америка және НАТО-дағы достарымыз бен одақтарымыз ынтымақтастық көрсетті» деді және «Баршамыз Ресейге халықаралық құқықты ойыншық қылуға және құндылықтарымызды жоюына мейірімділік көрсетпейтінімізді көрсеттік» деді.

Ағылшын Сыртқы істер министрі Борис Джонсон болса әртүрлі елдер қабылдаған шекарадан шығару шешімдерінің тарихта Ресейге қарсы қабылданған ең үлкен топтық шекарадан шығару шешімі екенін айтқан еді.

Еуроодақ мүшесі елдерде 32, АҚШ-та 60, орыс дипломат пен барлау ұйымы қызметкерін шекарадан шығаруға шешім қабылдаған болатын.

Ұлыбритания үшін тыңшылық жасау айыбымен сотталған Скрипаль 2010 жылы да АҚШ тұтқындаған 10 орыс тыңшысымен алмастырылған 4 тыңшы арасында орын алып, Ұлыбританияға орналасқан еді. Скрипал мен қызы Юлия, 4 наурыз күні даладағы бір орындықта естерінен таңған күйде табылған болатын. Емдері жалғасқан әкесі мен қызының жағдайлары ауыр.

Ұлыбритания оқиғада Ресей тарапынан өндірілгені алға тартылған әскери ерекшелікке ие және жүйкеге зиян келтірген бір химиялық материал қолданылғанын жариялаған болатын. Бұл материалдың Кеңес одағы кезінде 1970 пен 1980 жылдары жетілдірілген «Novichok» атты химиялық бір материал екені атап көрсетілген болатын.



Ұқсас жаңалықтар