Әлемдегі ең бақытты халық – финляндиялықтар

БҰҰ 156 елде зерттеу жүргізді.

929792
Әлемдегі ең бақытты халық – финляндиялықтар

БҰҰ Тұрақты даму саласында тиімді шешімдер шығару желісі (UNSDSN) 156 елде зерттеу жүргізіп, Әлемдік Бақыт есебі-18 рапортын жариялады.

Зерттеуде 117 елдегі босқындардың бақыты да назар алынды.  Аталмыш зерттеуге қарағанда дүние жүзіндегі ең бақытты адамдар Финляндияда тұрады.

Бақыт тізімінде Финляндиядан кейін Норвегия, Дания, Исландия, Швейцария, Голландия,  Канада,  Жаңа Зеландия, Швеция және Австралия келеді.

Тізімде Америка Құрама Штаттары 4 орын төмендеп, 18-ші болды.



Ұқсас жаңалықтар