Көмек конвойы Шығыс Гутаға барып жетті

Көмек материалдары күні бойы таратылады.

923049
Көмек конвойы Шығыс Гутаға барып жетті

БҰҰ-ның көмек конвойы Сирия армиясының соңғы бақылау пунктынан да өтіп, Шығыс Гутаға кірді.

БҰҰ лауазым иелері конвойдағы көмек материалын таратудың күні бойы жалғасатынын білдірді.

БҰҰ және басқа да көмек ұйымдары жинаған 46 көліктен тұратын конвой Шығыс Гутадан тек түнде ғана шыға алады.

Азық-түлік пен медициналық материал тасыған конвойда 27 мың 500 адамның мұқтаждығын қамдайтын көмек бар.

Асад жасақтары үздіксіз бомбалап отырған Шығыс Гутадан 400 мың адам тұрады.

Соңғы екі аптада 600-ден астам адам қаза тапты.

Сирия армиясы Шығыс Гутаның 36 пайызын бақылауына алғанын хабарлады.



Ұқсас жаңалықтар