Қырымның атына өзгеріс енгізу дайындығы жалғасуда

Украина заңында «Қырым Автономиялық Республикасы» деген атты «Қырым Татар Автономиялық Республикасы» деп өзгерту жұмыстары жалғасуда.

920584
Қырымның атына өзгеріс енгізу дайындығы жалғасуда

Украина президенті Петр Порошенко Ресейдің қолындағы кемелерді Қырыммен бірге алуға дайын екендерін атап көрсетті.

Порошенко өткізген баспасөз жиналысында «Қырым Автономиялық Республикасы» деген ел атауын «Қырым Татар Автономиялық Республикасы» деп өзгерту үшін Украина атазаңының 10-шы бабына өзгеріс енгізу туралы ұсыныстың қазірге дейін жұмыс тобы тарапынан өзіне жіберілмегенін білдірді.

Жұмыстың Атазаң қабылдау комиссиясы тарапынан бекітілу керектігін атап көрсеткен Порошенко ұсыныстың соңғы реттеулер жасалған соң Украина парламентінде бекітілуін үміт еткенін тілге тиек етті.

Украинаға тиесілі Қырымда Ресейдің бақылауындағы соғыс кемелерінің кері қайтарылып қайтарылмайтыны жайлы бір сұраққа Порошенко «Біз Қырымнан кемелерімізді тек қана Қырыммен бірге алуға дайынбыз» деп жауап қайтарды.

Порошенко Қырымды кері қайтару үшін дипломатиялық жолдар, санкциялар және заңдық процестің күшінде екенін атап, «Қырымды кері қайтару үшін бар шараны қолданамыз» деді.

Қаңтар айында Ресей президенті Владимир Путин Ресейдің 2014 жылы Қырымды аннексиялауының артынан Украинаға тиесілі әскери кеме, ұшақ және басқа да материалдарды кері қайтаруға дайын екенін жариялаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар