Әлемде турист саны артты
Жаһандық турист саны өткен жылы 1,3 миллиард болды.
БҰҰ жанындағы Бүкіләлемдік туризм ұйымының Әлемдік туризм барометрі есебіне қарағанда, 2017 жылы халықаралық турист саны алдынғы жылмен салыстырғанда 6,7 пайыз артты, яғни 1 миллиард 322 миллион болды.
Осы көрсеткіш 2010 жылдан бергі ең жоғары көрсеткіш болып есептеледі.
Құрлық тұрғысынан қарағанда турист саны Еуропа және Африкада 8, Азия және Тынық мұхит аймағында 6, Таяу Шығыста 5, Америкада 3 пайыз артты.
Өткен жылы Еуропа құрлығына 671, Азия мен Тынық мұхит аймағына 324, Америкаға 207, Африкаға 62 және Таяу Шығысқа 58 миллион шетелдік турист келді.
Ұқсас жаңалықтар
Вьетнам астанасы Ханойдағы өртте 14 адам көз жұмды
Вьетнам астанасы Ханойдағы өртте алғашқы мәліметтер бойынша 14 адам қаза тауып, 6 адам жарақат алды.
Ибрахим Реиси жерленді
Иран президенті Ибрахим Реиси 23 мамырда кешке президент Мешхедтегі имам Реза кесенесінде жерленді.