"Бейбіт халықтың тағдырына алаңдаймыз"
БҰҰ Йемендегі артып отырған қақтығыстарға назар аударды.
БҰҰ Адам құқықтары жоғары комиссары Зейд Раад әл-Хұсейін Йеменнің Таиз уәлаятындағы қақтығыстар салдарынан жазықсыз адамдардың тағдырына алаңдайтындарын білдірді.
Хүсейін жазбаша хабарлама жариялап, қақтығыстардың Таиздің шығысындағы тұрғындар көп тұратын Хубай елді мекеніне қарай жылжи бастағанын айтып: «Таиз уәлаятындағы қақтығыстардың артуы алаңдатады. Азаматтар қақтығыстардың барлық тараптарының оғының астында қалуда» деп ескертті.
Хүсейін бейбіт халықтың қақтығыстан алыста болуы керектігін айтты.
Йеменде заңды билікке төңкеріс жасаған хоуситтер 2014 жылдың қыркүйек айынан бері Сана қаласы секілді кейбір аймақтарды қолында ұстап тұр.
Ұқсас жаңалықтар
Вьетнам астанасы Ханойдағы өртте 14 адам көз жұмды
Вьетнам астанасы Ханойдағы өртте алғашқы мәліметтер бойынша 14 адам қаза тауып, 6 адам жарақат алды.
Ибрахим Реиси жерленді
Иран президенті Ибрахим Реиси 23 мамырда кешке президент Мешхедтегі имам Реза кесенесінде жерленді.