Кастроның ұлы қайтыс болды

68 жасар Кастро бірнеше айдан бері емделуде болатын.

902337
Кастроның ұлы қайтыс болды

Кубаның бұрынғы басшысы Фидель Кастроның үлкен ұлы Фидель Кастро Диас-Баларт қайтыс болды.

Кубаның ресми газетінде жарияланған хабарға қарағанда 68 жасар Кастро бірнеше айдан бері емделуде болатын.

Жаназа рәсімі жөнінде отбасы жариялайды.

Кубада Фиделито деген атпен танымал Кастро 1949 жылдың 1 қыркүйек күні  Фидель Кастроның бірінші жұбайы Миртамен некесінен туған еді. Кеңес Одағы кезінде атом физикасы білімін алған Кастро Кубаның ядролық зерттеулеріне қосқан үлесімен танымал.

Кубаның бұрынғы басшысы Фидель Кастро болса 2016 жылдың қараша айында 90 жасында дүниеден өткен болатын.



Ұқсас жаңалықтар