Джамму Кашмирдегі қақтығыста 6 көтерілісші қаза тапты

Джамму Кашмирде Үнді әскерлері мен көтерілісшілер арасында шыққан қақтығыста 6 көтерілісші қаза тапты.

888580
Джамму Кашмирдегі қақтығыста 6 көтерілісші қаза тапты

Үнді күштері Джамму Кашмир аймағында Барамулла ауданына қарасты Ури аймағында көтерілісшілерге қарсы операция жасады.

Операцияда қаза тапқан көтерілісшілердің шабуылға дайындалғаны алға тартылды.

Джамму Кашмирдің оңтүстігінде 31 желтоқсан күні жасалған шабуылда 5 үнді әскері мен 3 көтерілісші қаза тапқан болатын.

Ұлыбритания 1947 жылы Үндістаннан шегінген кезде ханзадалықпен басқарылған Джамму Кашмирге Үндістан немесе Пәкістанға қосылу тақырыбында еркіндік берген болатын.

Тұрғын санының 90 пайызы мұсылман болған Джамму Кашмирдің ханзадасының Үндістанға қосылу шешіміне мұсылман Кашмир халқы қарсы шыққан болатын.

Аймаққа әскер жолдаған Пәкістан мен Үндістан 1947 жылы тұңғыш рет соғысқан еді. Кейін болса 1965 және 1999 жылдары екі ел армиялары қайтадан соғысты.

45 пайызы Үндістан, 35 пайызы Пәкістанның бақылауындағы Кашмирдің 20 пайызы болса Қытайдың бақылауында.

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі 1948 жылы Кашмирдің әскерден тазаланып, аймақтың тағдырларының бүкілхалықтық референдум арқылы шешімін ұсынған еді.



Ұқсас жаңалықтар