АҚШ-та аяз салдарынан 16 адам көз жұмды

АҚШ-та саршұнақ аяз салдарынан кем дегенде 16 адам көз жұмды.

881403
АҚШ-та аяз салдарынан 16 адам көз жұмды

АҚШ-та саршұнақ аяз салдарынан кем дегенде 16 адам көз жұмды.

Америка Құрама Штаттарының шығысында бірнеше күнге созылған саршұнақ аяз салдарынан кем дегенде 16 адам көз жұмды.

АҚШ Ұлттық ауарайы басқармасынан жасалған мәлімдемеге қарағанда мемлекетте соңғы жылдардың ең аяз қыстарының бірі болуда.

АҚШ медиасында орын алған хабарларда осы таңға дейін кем дегенде 16 адамның қақаған аяздан үсіп көз жұмғаны білдірілді.

Мемлекеттің шығысында орын алған Майне штатынан оңтүстік-шығыстағы Флоридаға дейінгі шығыс жағасындағы кейбір штаттарында төтенше жағдай жарияланғаны, сондай-ақ саршұнақ аяз салдарынан Флориданың кейбір қалаларына талай жылдан кейін алғаш рет қар жауғаны білдірілді.

АҚШ солтүстігіндегі аяз салдарынан Канадамен шекараға жақын орналасқан Ниагара сарқырамасы мұз болып қатты.


Этикеттер: #АҚШ , #қыс , #Флорида

Ұқсас жаңалықтар