Ирак түрікмендері сайлаудың кейінге қалдырылуын талап етті

Түрікменели партиясы мәлімдемешісі Али Мүфти мәлімдеме жасады.

879040
Ирак түрікмендері сайлаудың кейінге қалдырылуын талап етті

Ирактың Киркук қаласындағы Түрікменели партиясы Салахаддин, Киркук және Мосул қалаларындағы босқындардың үйлеріне оралуы үшін сайлауды алты айдан кейін өткізуді талап етті.

Ирак түрікмен майданы құрамында саяси қызмет атқарған Түрікменели партиясы мәлімдемешісі Али Мүфти Киркукте ұйымдастырылған баспасөз жиналысында «Террор ұйымы ДАИШ-тен азам етілген аймақтарға түрікмендердің кері оралуы үшін сайлауды 6 ай кешіктіру керек» деді.

Сайлауда әділ нәтиже алу үшін сайлау заңына өзгеріс енгізу керектігін атап көрсеткен Мүфти «Киркуктен сайланатын 13 депутаттық орынды қаладағы барлық этникалық топтар арасында бөлісу керек. Түрікмендер 4, Арабтар 4, күрдтер 4 және азсандыларға 1 депутат сайлау құғы берілуге тиісті» деді.

Мүфти «барлығы түрікмен болған Талль-Афар ауданына 15 депутат сайлау құқығы берілу керек. Талль-Афар қайта оралулар қамтамасыз етілмеген жағдайда, сайлау қорытындысына күдікпен қаралады» деді.

Ирак парламенті жалпы халықтық және жергілікті сайлауды 12 мамыр күні өткізуге шешім қабылдаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар