Зимбабве елбасы Мугабе отставкаға кетті

Зимбабве парламенті мәлімдемешісі Якоб Мубенба елбасы Роберт Мугабенің отставкаға кеткенін жариялады.

852279
Зимбабве елбасы Мугабе отставкаға кетті

Парламент мәлімдемешісі Мугабенің отставкасымен байланысты өзіне бір хат жеткізгенін білдірді. Хатта «Мен Роберт Габриель Мугабе. Зимбабве атазыңының 96-шы бабына сәйкес отставкаға кету құқығымды қолданамын» деп жазған.

Мугабе хатында отставка шешімін өз еркімен қабылдағанын атап, мұның Зимбабве халқының тыныштығына алаңдағаны және жауапкершіліктің дағдарыссыз өткізілуі арманынан туындағанын атап айтты.

Мугабенің отставка хаты ол жайлы тергеу ашқан және жиналыста отырған парламентте оқылды.

Отставкаға кету мәлімдемесі парламент мүшелері тарапынан ризашылықпен қабылданып, ғимарат алдында жиналған халық қуанышын ұран тастап көрсетті.

Қолдарына плакаттар ұстаған халық бас қала Хараре даңғылдарында билеп әндер шырқады.

Мугабенің елбасы орынбасарлығы міндетінен босатылған және биліктегі партияның басшылығына сайланған Эммерсон Мнангагваның 48 сағаттың ішінде елбасылық міндетіне тағайындалатыны болжалады.



Ұқсас жаңалықтар