Зимбабведе әскер төңкеріс жасады

Зимбабведегі әскери төңкерістің артынан БҰҰ ұйымы мәлімдеме жасады.

848751
Зимбабведе әскер төңкеріс жасады

Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Бас хатшысы Антониу Гутерреш Зимбабведегі әскери төңкерістің артынан тыныштық сақтауға шақырды.

БҰҰ Бас хатшылығы мәлімдемешілерінің бірі Фархан Хак күнделікті баспасөз жиналысында Гутеррештің Зимбабведе күш қолданудан бас тартып, тыныштық сақтауға шақырғанын білдірді.

Хак саяси айырмашылықтардың келіссөз және бейбітшіл жолдармен Зимбабве атазаңы аясында шешу керектігін атап көрсетті.

Зимбабве армиясы алдынғы түні бас қалаға кіріп, мемлекеттік арнаны бақылауға алды.

Азанғы уақытта оқылған декларацияда әскери операцияның «төңкеріс емес екеніі» алға тартылды.

Әскери операцияның артынан армия Мемлекет басшысы Роберт Мугабе мен жұбайы Грейс Мугабенің тергеуге алынғанын жариялады.

Дегенмен Грейс Мугабенің елден шығып кеткені жөнінде сыбыстар шықты.

Африка Одағы Комиссиясы төрағасы Маусса Факи Махамат болса Мугабе және жұбайының елде және жағдайының жақсы екенін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар