Иран Макронның ұсынысын кері қайтарды

Иран Сыртқы істер министрлігі мәлімдемешісі Касыми келісімнің «келіссөзге жабық екенін» атап көрсетті.

846396
Иран Макронның ұсынысын кері қайтарды

Франция президенті Эммануэль Макронның Иран және 5+1 (АҚШ, Ресей, Қытай, Франция және Ұлыбритания мен Алмания) елдері арасындағы ядролық келісімде баллистикалық зымыран бағдарламасы тақырыбында жаңа келіссөздер жүргізу керектігі жөніндегі мәлімдемесіне Тегеран болымсыз жауап қайтарды.

Иран Сыртқы істер министрлігі мәлімдемешісі Касыми келісімнің «келіссөзге жабық екенін» атап көрсетті.

Касыми «Франция басшысына көп рет Иран ядролық келісімінің келіссөзге қойылмайтынын және келісім мәтініне басқа тақырыптардың қосылмайтынын түсіндірдік» деді.



Ұқсас жаңалықтар