260 миллионнан астам бала мектепке бармайды

Мектепке барғандар арасында да бітіріп шыққандар саны өте аз.

833150
260 миллионнан астам бала мектепке бармайды

Әлем көлемінде 260 миллионнан астам бала мектепке бармайды.

ЮНЕСКО-ның жыл сайынғы Әлем білім беру есебіне қарағанда әлем көлемінде 6 мен 17 жас арасындағы 260 миллионнан астам бала еш білім алмады.

Мектепке барғандар арасында да бітіріп шыққандар саны өте аз.

Әлем көлемінде 2010 және 2015 жылдар арасында мектеп шағындағы балалардың 83 пайызы мектеп бітірген. Орта мектеп көрсеткіші болса 69 пайызда қалады.

Жоғары сыныпқа баратын балалар саны тек 45 пайыз.

ЮНЕСКО есебіне қарағанда жасы кіші балаларға бағытталған бір жыл мәжбүр және тегін білім елдердің тек 17 пайызында ғана берілген. Білім беруде гендерлік теңдік тақырыбында да проблема көп.

Жоғары сыныптарда қыз оқушы мен ер балалар арасындағы мүмкіндік теңдігі тек елдердің төрттен бірінде ғана бар.



Ұқсас жаңалықтар