БҰҰ делегациясы Араканда

БҰҰ лауазым иелері Мьянма үкіметі өткен апта болдырмай тастаған Аракан сапарын жүзеге асырды.

818952
БҰҰ делегациясы Араканда

БҰҰ лауазым иелері Мьянма үкіметі өткен апта болдырмай тастаған Аракан сапарын жүзеге асырды.

БҰҰ бас хатшысының мәлімдемешісі Фархан Хак күнделікті баспасөз брифингінде БҰҰ Мьянма координаторы Рената Лок-Дессалииен және қасындағы делегацияның Араканға жеткенін білдірді.

Хак: «Аракандағы қорқынышты жағдай алдында Мьянма лауазым иелерімен ынтымақтасу үшін осы сапар оң қадам болмақ» деді.

Хак Мьянма басшыларын әскери операцияны дереу тоқтатуға шақырды. Гуманитарлық көмек материалдарының жеткізілуіне рұқсат берілуі және аракандық босқындардың сенімді түрде елдеріне оралуын қамдауға шақыру тастады.

БҰҰ Гуманитарлық істерге жауапты бас хатшы орынбасары Марк Лоукок пен ЮНИСЕФ бас директоры Антони Лейктің де Бангадешке барғанда аракандық босқындардың адам қорқатын жағдайын өз көздерімен көргеніне назар аударды. Хак Мьянмадағы қақтығыстардан қашып, Бангладешті паналаған аракандық босқындардың санының 507 мыңға жеткенін айтты.



Ұқсас жаңалықтар