Мэй мен Трамп телефонда сөйлесті

Телефонда екі лидер Солтүстік Кореяның соңғы кезеңдегі баллистикалық зымыран сынағын қолға алды.

801852
Мэй мен Трамп телефонда сөйлесті

Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй Америка Құрама Штаттары президенті Дональд Трамппен телефонда сөйлесті.

Ұлыбритания премьер-министрлік офисінен жасалған жазбаша мәлімдемесіне қарағанда Мэй мен Трамп кешкі уақыттарда телефон арқылы сөйлесті.

Солтүстік Кореяның соңғы кезеңдегі баллистикалық зымыран сынағы қолға алынған телефон әңгімелерінде Мэй осы елдің режимінің тек аймақтық емес, жаһандық бейбітшілік және қауіпсіздік үшін де қауіп төндіргенін айтты.

Халықаралық ұйымның Солтүстік Кореяға жауапкерсіз және айтақтаушы әрекетінің аяқталуы үшін қатал айыпталуы керектігін білдірген Мэй осы елге бағытталатын шаралар үшін АҚШ және халықаралық ұйым одақтастарымен ынтымақтастық жасайтынын атап өтті.

Мәлімдемеде Мэй мен Трамптың телефон әңгімелерінде «Солтүстік Корея мәселесінің шешімінде Қытайдың маңызды рөл атқаруы керектігі жайлы бірдей көзқараста болды» делінді.

 



Ұқсас жаңалықтар