Ирак армиясы Талль-Афарда жеңіске жақындады

Ирак күштері түрікмен қаласы Тальь-Афардың көпшілігін ДАИШ террор ұйымынан азат етті.

797934
Ирак армиясы Талль-Афарда жеңіске жақындады

Тальь-Афардың төңірегіндегі 47 ауылдан 38-і Ирак күштерінің бақылауына өтті, 72 бомбалы көлікте жойылды.

8 күнге жалғасқан операцияда 370 террорист өлтіріліп, аймақтағы 16 мың 600 түрікмен қауіпсіз аймақтарға эвакуацияланды.

40 мың адамнан тұратын әскери күшпен Талль-Афарға жасалған операцияда 29 аумақ толығымен Ирак күштерінің бақылауына өтті.

Бақылауға алынған жерлер арасында Талль-Афарда террор ұйымы ДАИШ мүшелерінің жәбірлеу орталығы болған түрме де бар.

Тальь-Афардың кейбір көшелерінде содырлармен қақтығыстар жалғасуда.

Ауданнан қашқан террористтер 11 шақырым қашықтықтағы Эязийе ауданында қыспаққа алынды.

Ирактық лауазымдылар Эязийенің құтқарылуының артынан жеңіс жариялауға дайындалады.



Ұқсас жаңалықтар