Непалде жаңа премьер-министр

Непал парламенті Шер Бахадур Деубаны премьер-министр ретінде сайлады.

747404
Непалде жаңа премьер-министр

Непал парламенті Шер Бахадур Деубаны премьер-министр ретінде сайлады.

Елдің ең ірі саяси қозғалысы Конгресс партиясының төрағасы Деуба парламенттегі дауысқа салуда 170-ке қарсы 388 «қабыл» даусымен 4-ші рет премьер-министр болып сайланды.

Деуба - елде соңғы 10 жылда сайланған он бірінші премьер-министр.

Непал Коммунистік партиясының басшысы Дахал 24 мамыр күні Непал Конгресс партиясымен тамыз айында келісілген хаттамаға сай тоғыз айда бір өзгеруі көзделген премьер-министрлік міндетін Деубаға тапсыру үшін міндетінен кеткенін жариялаған болатын.

Дахалдың 9 айлық билігі барысында елде жиырма жылдан кейін бірінші рет жергілікті сайлау өткізіліп,  экономика едәуір жақсарып қалған еді.



Ұқсас жаңалықтар